скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің 2016 жылғы 1 жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы

       2016 жылдың 1 шілдесіне облыс аймағында 688 мемлекеттік мекеме тіркелген, олардың ішінде 521 – ЖАО, 167 – орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері. 
       Жалпы штат саны – 8335 бірлік, нақты саны – 7630. Соның ішінде ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны – 4355 бірлік, нақты саны – 3971. Әйелдер саны – 4745, (62%). Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы 41 жасты құрайды. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 10 жылды құрайды.
6650 жоғары білімі бар (87%), мамандардың басым көпшілігі экономика, заң және техникалық білім иелері. Бірнеше жоғарғы білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны – 1144 адам (15%). 18 мемлекеттік қызметшінің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 3 – ғылым докторы және  15 – ғылым кандидаты.
2016 жылдың 6 ай ішінде ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің таза ауысымы саны 102 (2,3%) адамды құрайды, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аз.
Былтырғы жылғыдай, ауысымдылықтың негізгі себебі мемлекеттік қызметшілердің өз еркімен жұмыстан кетуі болып табылады. Сауалнама қорытындысымен жұмыстан кетудің негізгі себептері - еңбекақыға көңіл толмайтындығы, жүйелі түрде қосымша уақытта және демалыс күндері жұмыс жасау, жұмыс көлемінің көптігі, әлеуметтік қамсыздандырудың жоқтығы екендігі анықталды.Облыстың мемелекеттік мекемелерімен 1413 бос орынға конкурс жарияланып, онда 1238 адам қатысты (қорытындысы бойынша 645 бос  орынға ұсынылған, 768 бос орынға қабылданбады). Бос орындарға қабылдамаудың негізгі себебі – үміткерлердің жоқтығы. Барлық мемлекеттік мекемелерде конкурстық комиссия отырыстары бақылаушылардың, сонымен қатар Департамент қызметшілерінің қатысуымен өтті.  
2027 адам тестілеуден өткен, оның ішінде 994 (49%) межелі деңгейден өтіп, сәйкесінше 1033 (51%) өтпеген.  890 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті: 37 - ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, 735 – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында және 118 – басқа оқу мекемелерінде оқыды. 667 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарында және 223 адам қайта даярлау курстарында оқытылды.
2016 жылға 30,5 млн.теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған (2014 жылы – 28,3 млн., 2015 жылы – 29,8 млн. теңге).
2016 жылдың 1 қаңтарында кадрлық резевте 113 резервші тіркелген, 6 ай ішінде оның 63 жұмысқа орналастырылды. 2016 жылдың 1 шілдесіне 50 адам резервте тіркеуде тұр.Ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарынан басқа, облыстағы мемлекеттік мекемелер «Е-қызмет» жүйесінде штаттық режимде жұмыс істейді және оларға арнайы оқытулар жүргізіледі. Туындаған мәселелі сұрақтар «Персоналды басқару бойынша ұлттық орталығы» АҚ бірге қарастырылады.
Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы бойынша 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 4 отырысы өткізіліп, онда 20 сұрақ, 7 тәртіптік іс қарастырылды.
Қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына және әдеп жөніндегі уәкілдерге 73 ұсыным жасалып, оның 45-сі орындалды, 28-і бойынша 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығына ауысатын бақылау мерзімі белгіленді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жасалып жатқан іс-шаралар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, тәртіптік комиссия, әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысына қатысты сұрақтар бойынша 6 мемлекеттік мекеменің басшыларының есептері тыңдалды.1 тәртіптік іс мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған (Курмангалиев Семей қ.).
Кеңес ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 6 тұлға, соның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасғаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.2016 жылдың 6 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардың шағымы бойынша 12 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 7 мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының бұзылғандығы анықталды. 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 1-уі Әдеп жөніндегі кеңес ұсынысы бойынша.Департамент жанынан тәлімгерлік бойынша Үйлестіруші-әдістемелік кеңес құрылып, жұмыс істеуде, 2016 жылғы 25 сәуірде отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік мекемелерге іс-жүзіндегі тәжірибені және нормативті құқықтық актілердің талаптарын ескере отырып, тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша ұсынымдар жасалды. Облыста мемлекеттік органдар және басқа мекемелермен 379 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 175 – ЖАО, оларға қарасты және оларға есеп беретін мекемелерімен (жеке), 204 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен 15 қызмет, Ұлттық банк филиалымен 4 қызмет тікелей көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 155 қызмет көрсетіледі.2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс халқына барлығы 3 386 645 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты 8 өтініш келіп түсті. Департаментпен 4 таңдаулы (таңдаулы тексеру тізімне сәйкес) және 6 жоспардан тыс  тексеру (3 тұлғаның үндеулері бойынша)  жүргізілді. 6 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1-і бөлім басшысы, 1 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.  Мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі, 5 интернет-ресурста мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнамасының бұзылғаны анықталды. 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, интернет-ресурстар тиісті деңгейге келтірілді. «Мониторинг» АЖ арқылы 4 жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылғандығы анықталып, 2016 жылдың 3 тоқсанында жүргізілетін таңдаулы тексерулер тізіміне енгізілді. Департаментпен халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Департаменттің сенім телефондарының номерлері көрсетілген «Мемлекеттік қызмет алу кезіндегі менің құқықтарым» атты бүктеме әзірленді. «Қазақстан Өскемен» телеарнасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» атты бағдарламалар циклі жүргізілуде. Департамент бастамасымен, облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес «Мемелекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қызмет алушылардың қанағаттануы» тақырыбында қоғамдық мониторинг жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, 15 қызмет түріне мониторинг жүргізу 2016 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр. Облыстық Қоғамдық кеңес отырысында «Ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына мониторинг жүргізу» сұрағы қарастырылды.   Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу болып табылады.  Бірінші жартыжылдықта, Министрліктің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  2 сыртқы және өз бастамасымен 7 талдау жүргізілді, 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді, қорытындысы бойынша 120 ұсыным беріліп, 20 орындалды (ұсыным енгізілгеннен бері 6 ай уақыт өткен жоқ). Талдамалық зерттеулердің нәтижелері Қоғамдық кеңес және Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тыңдалады.  Жалпы облыс бойынша 165 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және 137 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.
Департаментпен әдістемелік, консультативтік және тәжірибелік көмек көрсетіледі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі сараптама жүргізу және терең түсіктеме беру үшін, қадамдық іс-қимылдың сәйкесінше нысаны (таблица түрінде) жасалып жеткізілді.  Департаменттің бастамасымен облыстық басқармалар мен бөлімдердің басшыларының қатысуымен 3 семинар-жиналыс өткізілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының келісуімен жоспар-кесте жасалып, соған сәйкес 64 мемлекеттік органдардың және 109 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыс топтарымен семинарлар өткізілді.  2016 жылдың 6 айы ішінде, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру мақсатында, республикалық және аймақтық БАҚ –та 67 авторлық мақала және 148 мақала жарияланды, белгілі интернет-ресурстарда 84 ақпарат орналастырылды, республикалық және аймақтық телеарналарда 67, радиода 7 сюжет жарық көрді. Департамент басшысының қатысуымен «Қазақстан-Өскемен», «Қазақстан-Семей» телеарналарында 3 тікелей эфир өткізілді. Жоба аймақтық телераналарда 2 жыл бойы жүзеге асырылуда, тікелей эфир режимінде облыстық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдері әлеуметтік-экономикалық жағдай және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларлары жайлы ақпаратты халықтың назарына ұсынады. Бүгінгі күнге дейін 38 эфир өткізілді. Облыстық «Дидар»,  «Рудный Алтай» газеттерінде және аудандық газеттерінде Департаменттің жұмысы жайында мағлұматтар жарияланатын - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «Антикоррупционная политика», «Әдеп кеңесі», «Совет по этике», «Біздің міндет – халыққа қызмет», «Наш долг – служение народу» атты 6 тұрақты айдар ашылған. Әр түрлі әлеуметтік топтарда 457 семинар, дәрістер, кездесулер және 23 «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Министрлік сайтының «Жаңалықтар» айдарында 31 мағлұмат жарияланды. ШҚО ӘД, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның ШҚО бойынша Департаменті, «Нұр Отан» партиясының ШҚ филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалымен конструктивті келісім бойынша бірлескен жобаларға қол қойылды. Катонқарағай және Көкпекті аудандарының әкімдіктерімен, осы аудандарды сыбайлас жемқорлықтан тыс аймақ ретінде жариялау туралы меморандумдар жасалды. Облыс халқымен 46 көшпелі кездесулер өткізілді. Мемлекеттік қызмет имиджін арттыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында 103 баннер орналастырылып, 15000 аса жадынама жасалып, таратылды. Ашық келісімге қосылу бойынша актілерге қол қою жұмысы белсенді жүргізілуде (990 заңды және 30082 жеке тұлғалармен қол қойылды.) Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, Ислам және Христиан қағидаларына сәйкес жалпы адами қасиеттерді насихаттау (әділеттілік, адалдық, сатылмаушылық) мақсатында Департамент бастамасымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаменті басқармасының басшысы; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының ШҚО бойынша Департаментінің қызметкері; Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының ШҚО бойынша Өскемен өңірінің өкіл имамы, «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы; Өскемен қаласының Свято-Покровский приходының благошені; ШҚО мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшесі құрамына кіретін, ШҚО-да  «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы» құрылып, мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізілуде.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы