скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс!» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте мемлекеттік орган және бизнес ортасының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша елді мекенге шығу арқылы сұхбат алаңы өтті.

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Список кандидатов, получивший положительное заключение конкурсной комиссии на должность главного специалистаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маман

(С-О-5) лауазымына конкурсқа қатысып, әңгімелесуден өткен кандидаттардың тізімі

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы (С-О-5) лауазымына конкурсқа қатысып, 05.09.2017 жылы сағат 10:00-де өтетін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

         1.  Галымжан Жумагалиевич Исимбеков

   2. Таңшолпан Берікқызы Көрпетанова

2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы               іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Департамент 2017 жылдың 25 тамызында Өскемен қаласы әкімдігі ғимаратында Шығыс Қазақстан облысытық білім басқармасының басшысы және Өскемен қаласы білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында «жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау жобасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері  бойынша талдау қорытындысы бейнеороликтер көрсетіле отырып қаралды.

Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары қатаң бақылауға алынған. Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында жат 309 сурет анықталған.

2017 жылы 23 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшылығымен және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен  «Өскемен қаласының сәулет құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ және «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ  қызмет көрсетушілердің жұмыстарын бақылау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізілді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы