скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

12.06.2017 г.

Мемлекеттік қызмет және спорт

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті  ҚР мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында және халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылу салтанатына байланысты 2017 жылдың 10 маусымында мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан жарыстар өткізді.

Елбасының Жарлығымен 23 - маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілген. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күнін атап өту мемлекеттік қызметтің беделін күшейтуге, Президенттің кәсіби мемлекеттік аппараттың жұмысындағы «халыққа және мемлекетке қызмет ету бәрінен де жоғары» негізгі қағидасын жария етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заман мақсатқа жету үшін мемлекеттік қызметкерлерден қажырлы еңбек етуді, уақытты және денсаулықты талап етеді.

Жарысқа 150-ден астам мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жеңіс тұғырындағы орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын мемлекеттік кірістер департаменті;

2-орын қоғамдық денсаулық сақтау департаменті;

3-орын статистика департаменті.

Осындай спорттық жарыстарды өткізу Шығыс Қазақстан облысында жақсы дәстүрге айналған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы