скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

02.10.2017 г.

Өскемен қаласында «Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» атты акция өткізілді

2017 жылғы 30 қыркүйекте Өскемен қаласының әкімдігі ғимаратының жанында мемлекеттік қызметшілер  қызметтік  көлік құралдарын жеке мақсаттарға пайдалануға тыйым салу мақсатында қызметтік автокөліктерге арнайы жапсырмалар жабыстырды.

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, қалалық әкімдіктің 10  автокөлігіне арнайы белгілері бар жапсырмалар жабыстырылды.

- Мен осындай акцияға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл шара басқа да мемлекеттік органдарға жақсы үлгі болуы керек,- деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.— Бұл шара Өскемен қаласы әкімдігінің қала тұрғындарының алдында ашықтығын білдіреді, -деген пікірін Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев білдірді.— Біз Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілерінің басмасын қолдап, оны өз қаламызда меңгерудеміз, - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Шурманов.

Қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану өзекті мәселе. Енді кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса  8-702-000-24-94 нөміріне немесе 55-66-55 call-орталығына хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы