скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

30.01.2019 г.

Семей қаласының №44736 әскери бөлімде сыбайлас жемқорлық тақырыбында семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру, «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының негізгі мақсаты болып табылады.

Осыған орай,  2019 жылдың 25 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Семей қаласындағы №44736 әскери бөлімде   кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент қызметкері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, олардың пайда болу себептері мен орын алған жағдайларды талқылады.

Сонымен қатар, өмірлік қызметтің барлық салаларында тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдау қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың табыстары мен өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Әскери прокуратура өкілі Т.К.Бермаганбетов Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының негізгі ережелерін сақтауға, ақшалай және басқа да сыйақы алуға байланысты құқық бұзушылықтар туралы баяндады.

Соңында әскери қызметшілер департамент қызметі  және 1424 республикалық call-орталығы туралы хабардар болып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы