скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

31.01.2019 г.

ШҚО арнайы мониторингтік тобы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасын қолдады

2019 жылдың 25 қаңтарында аудандық арнайы мониторингтік топтар өкілдерінің қатысуымен облыстық арнайы мониторингтік тобының (бұдан әрі – АМТ) кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасының іске асырылуы бойынша сұрақтар белсенді талқыланды. АМТ өкілдері жүргізіліп жатқан жобаға қызығушылық таныта отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда кедергісіз және қолайлы жағдай жасау, ашықтықты қамтамасыз ету мен ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты жетілдіру мен сот және құқық қорғау салаларындағы өзгерістерді сапалы жүргізу облысымыздың дамуына елеулі үлес қосатыны жайлы айтып өтті. 

Осыған байланысты, жобаның табысты жүзеге асырылуы мақсатында, АМТ әрбір өкілімен келісіліп, келесідей салаларда жауапкершілік матрицасы дайындалды: білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, құрлыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары.

Отырыс соңында жобаның тиісті дәрежеде орындалуы әрбір АМТ мүшесіне қатысты екендігі туралы айтылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы