скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

09.06.2017 г.

Үржар ауданы әкімі аппаратында жақын туыстардың бірге қызмет атқаруы және мүделердің басқа түрлі қақтығысы туралы мәселе бойынша кездесу өткізілді

Ағымдағы жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен «Мемлекеттік қызметтегі мүделердің қақтығысы мәселесін қарау» жобасы бойынша Үржар ауданы әкімі аппаратында жақын туыстардың бірге қызмет атқаруы және мүделердің басқа түрлі қақтығысы туралы мәселе бойынша кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты жақын туыстардың бірге қызмет атқаруы және одан туындайтын мүделердің қақтығысын реттеу мәселесі болды.

Кездесуге Үржар ауданының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас мамандары Е.А.Смагулов және А.Т.Алибекова өз сөздерінде мүделер қақтығысын реттеу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тек негізгі механизімі болып табылмайтынын, сонымен қатар ол қызметшілермен өз лауазымдық міндеттерін сапалы орындаудың жолы екендігін атап өтті.

Үржар ауданының мемлекеттік қызметкерлері кездесу барысында мүделер қақтығысын анықтаудың жолы туралы, сонымен қатар басқа да мәселер бойынша Департаменттің атқарып жатқан жұмысы туралы толық мағлұматтар алды.

Қажетті түсіндірме жұмыстары басқа да аудандарда өз жалғасын табады. 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы