скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

18.03.2019 г.
Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Осыған байланысты Ұлттық «Наурыз» мерекесі қарсаңында Өскемен қаласы Металлургтер мәдениет сарайында Әкелер мектебімен «Жігіт Сұлтаны» байқауы өткізілген болатын.

Байқаудың мақсаты: Халыққа тән ежелден батырлық, өнерлі, тапқырлық сияқты асыл қасиеттерді бүгінгі қазақ жігіттеріне дәріптеу болып табылады.

Байқауға Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

«Жігіт Сұлтаны» V бөлімнен тұрады:

I – бөлім. «Алаштың ер-ұланы». Өзін-өзі таныстыру бөлімі;

II – бөлім. Үй тапсырмасы;

III – бөлім. «Жігітке жеті өнер де аз» Өнер сайысы;

IV – бөлім. Спорт;

V – бөлім. Сұрақ-жауап.

Женімпаздарды анықтау үшін арнайы бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды. ҚР Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаметтінің басшысы Жанна Қабдолдақызы осы қазылар алқасының құрамында болды.

Байқаудың сонында жеңімпаздар анықталып, құнды сыйлықтар берілді.

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы